Біліктілік орталығы

2006 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі «АӨК субъектілерін ақпаратпен өтеусіз негізде қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын жүзере асырып келеді. Бағдарлама аясында «Казагромаркетинг»  АҚ-ның аймақтық кеңесшілері мен 11 білім беру Орталықтары аргоөнеркәсіптік кешендерінде білім тарату іс-шаралары ұйымдастырылған. 2015 жылы 151 ғылыми-практикалық семинар өтіп, 3461 адам оқытылды. Сонымен қатар, АӨК субъектілеріне аймақтық деңгейде 300 мыңнан, ал call-центр арқылы 3674 кеңес берілді.

Ғылыми-практикалық семинарлардың тақырыптары АӨК субъектілерінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде құралды. Семинарлар келесі бағыттарда жүргізілді: мал шаруашылығы, ветеринария, ресурсты үнемдеу технологиялары, көкөніс шаруашылығы, мақта шаруашылығы, жемшөп өндіру, сұрыптау, апробация, балық шаруашылығы, омарта шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, жеміс-жидек шаруашылығы, қой шаруашылығы, менеджемент, күріш шаруашылығы.

Қазіргі таңда Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 217 мыңнан аса шаруа қожалығы жұмыс істейді. Алайда фермерлердің көбінде арнайы білім жоқ немесе олардың кәсіби біліктілігі ауыл шаруашылығының тек бір ғана саласына мамандандырылған.

Білім тарату жүйесін мемлекет қаржыландырады, сондықтан бұл –  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көрсетілген жанама қолдаудың бір түрі. Нәтижесінде, мемлекет бенефициар ретінде еңбек өнімділігі мен өнім бәсекелестігін әрдайым арттыру, озық технологияларды жылдам енгізу мен тарату арқылы салыстырмалы түрде тұрақты ауыл шаруашылығы секторы мен ауыл тұрғындарының өмір деңгейін қалыптастырды.

Болашаққа қадамдар

Қазіргі кезге дейін Қазақстанның аграрлық ғылымы көптеген зерттеулермен толықты. Оларды игеру мен енгізу арқылы агроөнеркәсіп кешенінің жалпы тиімділігі артады. Зерттеулер арасында мол өнімді әрі жайсыз ортаға бейімделген ауыл шаруашылық дақылдарының сорттары мен гибридтері, егін шаруашылығының ресурс үнемдеу жүйелері, өңдеу және қайта өңдеу машиналарының кешендері, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен т.б. бар.

Алайда, бұл зерттеулер іс жүзінде қолданыс таба алмады. Себебі, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажет білім ғылыми-зерттеу ұйымдарынан дұрыс жетпеді.

Осығын байланысты білім тарату жүйесін жетілдіру қажеттілігі өзекті тақырып болып қалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық бағытқа өтуінің маңыздылығы айтылған.

Қаржыландыру соммасын арттыра отырып 2015-2020 жылдарға арналған білім тарату жүйесін ары қарай дамыту бойынша ұсыныстар «Агробизнес-2020» бағдарламасына енгізілді. Бағдарлама аясында АӨК-ның басым бағыттары бойынша білім жүйесін дамыту жоспарланған. Осылайша практикалық оқыту, кеңес беру мен әдістемелік қолдау Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстардың нәтижесі қолжетімді болуы үшін және ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияларын тез енгізу үшін ұтымды білім тарату жүйесі құрылу қажеттігі туындады. Осылайша бұл жүйенің негізі ретінде әлемдегі ең үздік Extension жүйесі ұсынылды. Себебі Extension ауыл шаруашылығы дамыған әлемнің көптеген мемлекеттерінде қолданылып келеді.

Extension – АӨК субъектілеріне оқыту мен практикалық шаралар арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері мен технологияларын жетілдіруге арналған жүйе. Сонымен қатар, бұл жүйе ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі ноу-хауды жеткізудің құралы. Осылайша Extension өндіріс тиімділігі мен табысын арттыруға, өмір сүру деңгейін жақсартуға жәрдемдеседі.

Осыған байланысты 2016 жылдан бастап АӨК субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық-консультациялық қызметпен қамтамасыз ету бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында ақпараттық-аналитикалық портал мен Call-орталық арқылы еліміздің облыстарында орналасқан базалық қожалықтарда оқыту мен практикалық семинарлар өткізіледі.

Бұл бағдарлама «Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік тапсырма ұсыну арқылы жүзеге асады.

Мақсаты

Жобаның басты мақсаты – АӨК субъектілерінің ақпараттық деңгейін қол жетімді білім беру мен ақпараттық-консультациялық қызметтер арқылы арттыру.

Міндеттері

  • Базалық қожалықтарда ғылыми-практикалық семинарлар өткізу;
  • АӨК субъектілеріне білікті, жоғары білімді сарапшылардың кеңес беруі;
  • Интернет-портал арқылы ақпаратпен толықтай қамтамасыз ету;
  • АӨК субъектілеріне сall-орталық арқылы кеңес беру.

Іске асыру механизмдері

АӨК субъектілеріне ақпараттық-консультациялық қызмет АӨК-нің 25 басым бағыты бойынша жүргізіледі.

Мал шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы

  1. Сүт өндіру бойынша сиыр шаруашылығы;
  2. Асыл тұқымды репродукторлар;
  3. Кәсіпкерлік негіздері және ауыл шаруашылық кооперациясы;
  4. Қой шаруашылығы;
  5. Жылқы шаруашылығы;
  6. Түйе шаруашылығы;
  7. Құс шаруашылығы;
  8. Шошқа шаруашылығы;
  9. Балық шаруашылығы;
  10.  Омарта шаруашылығы;
  11.  Марал шаруашылығы;
  12.  Ет өндіру бағытындағы мал шаруашылығы;
  13.  Ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік;
  1. Суармалы және суарылмайтын жерлерде өсірілетін майлы дақылдар;
  2. Жемшөп дақылдары;
  3. Картоп;
  4. Жүзім және жеміс-жидек дақылдары;
  5. Көкөніс дақылдары;
  6. Көкөніс және бақша дақылдары;
  7. Дәнді дақылдар (азық-түлік және жем);
  8. Күріш;
  9. Дәнді және дәндібұршақ дақылдар, дәндік жүгері;
  10.  Органикалық егіншілік жүргізу;
  11. Мақта;
  12. Қант қызылшасы.
  13. Кәсіпкерлік негіздері және ауыл шаруашылық кооперациясы;

Мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП «Агробіліктілік орталығын» (қазіргі таңда- Біліктілік орталығы)құрды. Орталық құрамына АӨК басым бағыттарында жұмыс істейтін қазақстандық сарапшылар кіреді.

«Біліктілік орталығының» қызметтері:

  • құрастырылған шарттар бойынша қазақстандық сарапшыларды іріктейді;
  • бекітілген шарттарға сай, сонымен қатар, салалық ассоциациялардың пікірін ескере отырып практикалық семинарлар өтетін базалық қожалықтар мен шетелдік сарапшыларды іріктейді және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келістіреді;
  • семинарға қатысты оқу бағдарламаларын (әдістемелер), тақырыптар мен кесте құрастырады;
  • лекторлар жалдап, оларды оқытады. Сонымен қатар, оқуға керекті лекциялық материалдармен қамтамасыз етеді;
  • Call-орталық пен web-порталдың жұмысын жүргізеді.

      Базалық қожалықтардағы ұйымдастыру жұмыстарын «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан ашылған облыстық және аймақтық «Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары» (ары қарай – ұйымдастырушылар) жүргізеді. Ұйымдастырушылар семинар өтетін базалық қожалықтармен келісіп, семинарға қатысушылар мен лекторларды шақырады. Сонымен қатар, транспортпен және тамақтандырумен қамтамасыз етеді. Семинарлар жоспары мен өткізілген жұмыстар нәтижесі туралы толық ақпарат web-порталда жарияланады.

      Ғылыми-практикалық семинарлар зерттеу тақырыбының ауқымына және базалық қожалықтарда құрастырылған арнайы әдістемелерге байланысты (әр облыс пен бағыт бойынша бөлек) 1-3 күн аралығында өтеді. Ұйымдастырушалар әр семинарға қатысты тыңдаушылар тобын құрады.

Семинарлар келесі бөлімдерден тұрады:

  • Теориялық бөлімзаманауи технологиялар мен әдістердің қолдану аясын және жалпы қағидасын түсіндіретін дәрістер;
  • Практикалық бөлім заманауи технологиялар мен әдістерді практикалық тұрғыдан қолданып, олармен іс жүзінде жұмыс жасауды үйрену.

    Өткізілетін семинарлардың тақырыбы агробизнес субъектілерінің мұқтаждықтарына сай және салалық ассоциациялардың пікірін ескере отырып таңдалады. Сондықтан олар агроөнеркәсіптік кешеннің келесі басты бағыттарын қамтиды:

  1. ауыл шаруашылығын жүргізудегі технология мәселесі, оның ішінде заманауи технологияларды өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында, ветеринарияда және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде қолдану. Сонымен қатар, Қазақстанның «жасыл» экономикасының дамуына үлес қосатын органикалық егін шаруашылығын насихаттау;
  2. аграрлық менеджмент, оның ішінде кәсіпорындарды басқару, қаржылық жоспарлау, бағаны белгілеу, өнім өткізуді ұйымдастыру, бизнес-жоспарлау, түйіткілді мәселелерді шешу, кооперация мәселелері мен АӨК  мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру;
  3. ғылыми зерттеулердің нәтижесін және коммерциялаудың негізін ендіру, заманауи технологиялардың трансферті және инновация қолданудағы отандық тәжірибенің таралуы.

    АӨК субъектілерінен жиналған ақпарат зерттеліп, осыдан кейін ғана семинар тақырыптары құрылады.

    АӨК субъектілеріне кеңес беру жұмыстары білікті қазақстандық сарапшыларға тапсырылады. Олар технологиялық мәселелерді шешіп, заманауи технологияларды ендіру үшін аймақтар мен қожалықтарға практикалық көмек көрсетеді. Осыған қоса, сарапшылар сall-центр арқылы да кеңес береді.

Білім беру семинарларының негізгі бағыттары:

  • ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезіндегі технологиялық және сервистік қолдау;
  • өңдеу технологиялары, оның ішінде сұрыпталған дақылдар, ауыспалы егіс жүйелері, өсімдікті қорғау мен күту әдістері мен сорттары;
  • өндіріс технологиялары, жемшөп базасын құру, ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру мен күту;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалық тексеруден өткізу, профилактика мен емдеу мәселелері;
  • басқа да технологиялық сұрақтар бойынша кеңес беру.

    Жобаны бұдан да тиімдірек ету үшін және қазақстандық мамандар сапалы семинарлар өткізу үшін даярлау жұмыстары жүргізілуде. Әр тақырып бойынша лекторлар қазақстандық білім беру ұйымдарынан, мамандандырылған ғылыми зерттеу институттары мен бизнес-құрылымдардан, ауыл шаруашылығы саласында қызмет істейтін коммерциялық орталықтардан іріктеліп алынады.

    Лекторлар кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап беруге дайын болуы қажет. Сонымен қатар, біртіндеп АӨК субъектілерінің біліктілігін арттыруға атсалысуы керек. Лекторларды Біліктілік орталығының базасында отандық және шетелдік сарапшылар даярлайды. Оларға барлық оқу материалдары ұсынылады.

    Семинарлар видеоға түсіріледі және оның негізінде бейнематериалдар құрылады, олар кез келген адамға қолжетімді болу үшін web-порталға жүктеледі. 


Директор


Жеңісбек Камалидинұлы Дулатов

Жеңісбек Камалидинұлы Дулатов

Эксперттер




Біз туралы


Жобаның басты мақсаты білім алу мен ақпараттық-консультациялық қызметтерді АӨК субъектілеріне қол жетімді етумен қатар ақпараттық деңгейін арттыру.

Байланыс


54-32-80 E-mail: info@farmers.kz