Жатаған укекіре

Жатаған укекіре


Жатаған укекіренің отаны - Орталық Азия.

Жатаған укекіре ( лат. Acroptilon repens) - Астра тұқымдасының Маралтамыр тегіне жататын мәдени дақылдар түрлеріне орасан зиян келтіретін арамшөп өсімдік.
 
Жатаған укекіре өз тұқымынан және тамыр жүйесінен улы заттарды бөлу арқылы аллелопаттық әсер етеді. Арамшөп үй және түз жануарларына,соның ішінде жылқы малына, өте зиянды. Жатаған укекіренің тереңге таралған тамыр жүйесі, топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, агротехникалық шараларды жүргізуде қиыншылық тудырып, шығындар көлемін едәуір көбейтеді.
 
Арамшөп шаршы метр жерге 100 сабаққа дейін топталып, шоғырланып өседі. Жатаған укекіре тұқыммен көбею және вегетативті жолмен, яғни тамырдың балғын бұтақшаларымен, тамырсабақтарымен және тамыр кесінділерімен, көген тамырларымен көбейеді.
 
Тамыр кесінділері топырақта 3 жылға дейін өміршеңді болып келеді. Тұқымдары топырақта 5 жылға дейін сақталады.
 
 
gorchak-2.jpg
Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісті маусым-шілде айларында береді. Себетгүл шоғыры өте жүзгіш болып келеді, сондықтан ағын су, жауын-шашын суымен, суармалы сулармен, тұқымдық материалмен және сабанмен, шөппен таралады.
 
Биіктігі 20-70 см. құрайды, сабақтары тік болып, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жатаған укекіренің түсі сұр-жасыл болады.
 
Күрес жолдары қандай?
Көптеген агрономдар жатаған укекірені химикаттар шашып жою оңай еместігін айтады. Егін алқабы жайқалып өсіп тұрған кезінде тіпті де химикаттарды шашуға болмайды. Егер ондайға жол берілсе егін түсімі жоқ деген сөз. Сондықтан гербицидтер тек егін жинаудан кейін ғана қолданылады. Ол үшін "Ураган" немесе "Раундал" препараты тиімді. 5 литр суға 120 мг препаратты араластырып 100 квадратқа шашады. Бұл іс-шараны (Ескерту: препаратты дайындап, шашу барысында сақтық шаралары сақталуы керек. Костюм, қолғап, арнайы көзілдірік, респиратор міндетті.) күн райы жайлы болған кезде атқарған жөн. Әрине бір ғана іс-шарадан соң арамшөп жойылып кетпейді, сондықтан араға бір  апта салып екі-үш мәрте қайталаған дұрыс.
 
Қайнаркөздер: 
1. www.syngenta.kz
2. www.agronomu.com
3. www.fgu-radiovetlab.ru
4. www.kk.wikipedia.org/wiki