«ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

«ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы тағайындалды


Бүгін Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (әрі қарай – «ҰАҒБО» КеАҚ) ұжымына жаңа Басқарма төрағасы Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаевты таныстырды, деп хабарлайды «ҰАҒБО» КеАҚ Баспасөз қызметі.

Ұлан Тәжібаев 1977 жылдың 14 шілдесінде туған. «Халықаралық қатынас және құқық» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі, (Executive MBA) Instituto de Empresa (IE) Business School іскери басқару магистрі, Мадрид қ. (Испания).
 
Түрлі жылдары құқықтану саласы бойынша жекеше компанияларда қызмет атқарған. Сонымен қатар мемлекеттік аппарат қызметін ұйымдастыру саласында да басқарушы қызметтері бойынша мол тәжірибесі бар.
 
2004-2006 жж. – Астана әкімдігі аппараты жетекшісінің орынбасары;
 
2006-2007 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары;
 
2007-2011 жж. – Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі;
 
2012-2016 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ аппарат жетекшісі;
 
2016 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстары мен коммуникацияларды басқару бойынша басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарған.
 
Ұлан Тәжібаев «Ерен еңбегі үшін» (2009) медалі және «Құрмет» (2016) орденімен марапатталған.