Сарапшы-лекторлар біліктілігін арттырады

Сарапшы-лекторлар біліктілігін арттырады


Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізуде орталықтандырылған қызметті ұйымдастыру, ауылда кооперацияны енгізу, ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану жөнінде шараларды іске асыруда  ҚР АШМ жергілікті атқарушы органмен бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Дегенмен де бүгінгі таңда қайтадан құрылған және қолданыстағы АШК бірқатар проблемалармен кездесуде, олар АШК жемісті дамуына кедергі жасап жатқанын атап өту керек.
 
ҚР АШМ мен АШК басшыларын және мүшелерін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және олардың бағынысты мекемелерінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерін оқыту мақсатында, өңірлерде көшпелі оқыту семинарлар өткізу үшін Министрлікпен ҚР «Атамекен» ҰКП, Біліктілік орталығымен бірлесе қазақстандық сарапшы-лекторлар тобын құрған болатын. 
 
Бүгін осы орайда ауылшаруашылығы саласының мамандары, сарапшылар-лекторлар біліктілігін арттыруға арналған  екі күндік (10-12 қазан) семинар жұмысы басталды.
 
Іс-шара аясында менеджмент, АШК қатысушылардың өзара іс-қимыл және басқару; АШК мүшелерінің тетіктерінің өзара іс-қимылы және кооперацияда сервистік қызметшілер; АШК және басқа субъектілерге жер беруі рәсімдері мен тетіктері; АШК және олардың мүшелерін салық салу, сондай-ақ салық заңнамасына жоспарланған өзгерістер; АШК тексеру одағын ұйымдастыру; АШК аудит және бухгалтерлік есеп; АШК мемлекеттік қолдау және қаржыландыру және т. б.  тақырыптар қарастырылады.
 
Оқыту қорытындысы бойынша, қазақстандық сарапшылардан құрылған топ ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арасында (16 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін жоспарланған күні) көшпелі түсіндіру жұмыстарын (республиканың барлық өңірлерде) өткізеді.
 
Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі күні жеке қосалқы шаруашылықтарға бірлескен 1 034 АШК құрылған, оның ішінде 2016 жылы – 289 АШК, 2017 жылы – 745 АШК.