Өмірзақ Шөкеев Бұланды ауданына барды

Өмірзақ Шөкеев Бұланды ауданына барды


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысын аралап жүр.

Ақмола облысының Бұланды ауданына барған Өмірзақ Шөкеев Алтынды ауылындағы «Қайрат» шаруа қожалығында болды.

Шаруашылық басшысы Сағадат Қабикенов қожалық егін салумен қатар мал шаруашылығымен де айналысатынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда  шаруашылықтың 58 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен қасапханасы жұмыс істеп тұр.