Колорадо қоңызына төзімді картоптың жаңа түрі шығарылады

Колорадо қоңызына төзімді картоптың жаңа түрі шығарылады


Колорадо қоңызына төзімді картоптың жаңа түрі бірнеше жылда шығарылады, деп мәлімдеді ғалым-агроном  Х. Тай.

Отыз жылдан бері Х.Тай  Америкалық селекционер Г.Лонг әкелген картоптың жабайы түрлерін зерттеумен айналысады.

Картоптың бұл түрі Канаданың алқаптарында сынақтан өткізілген. Нәтижесінде 9 түрде қатерге қарсы табиғи иммунитет табылды. Осы 9 түрдегі картоптың гибридтері де қатерге қарсылық танытқан.

Зерттеу барысында Х.Ти тек қана жердегі табиғи көздерді пайдаланған, ғалымдар ГТО-ны қолданбаған.

«Жабайы картоп түрлері Колорадо қоңыздары ұнатпайтын химиялық заттар шығарады, бұл зат жәндіктерді қорқытады», - дейді селекционер.

Енді ғалымдар тобы ДДҚ маркерін жасап шығарады. 

Қазіргі таңда гибридтердің екі түрі жасалды. Олар сортты тестілеуді жалғастыратын фирмаларға сатуға дайын. AAFC компаниясы іріктеу материалдары бойынша зерттеулерді жалғастыратын болады.

Егер компания 2018 жылы жаңа картоп гибридтерін сатып алуға өтінім берсе, онда олар 5 жылда пайдалануға дайын тұрады.

Бұл химиялық заттарды пайдалана отырып, қоңызмен күресудің керемет əдістерін игеруге жол ашылады.

Канадада Колорадо қоңызы негізінен имидаклапридтің көмегімен бақыланады. Дегенмен 2018 жылдың соңына қарай Канада үкіметі осы инсектицидті пайдалануға тыйым салатынын мәлімдеген. Х.Тайдың айтуынша, ғалымдар қоңыздардың имидаклапридке қарсылық көрсеткенін дәлелдеген.