Керосин бағасы 134 теңге болады

Керосин бағасы 134 теңге болады


Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Биыл егіс науқаны үшін 375 мың тонна сұйық отын бөлінді. Оның 10 пайызы Ресейден импортталған. Жалпы ай сайын 360-380 мың тонна керосин тұтынса, көктемде оның көлемі  480-500 мың тоннаға дейін артады. Наурыз айында дизель отынының орташа нарық бағасы 140 теңгені құраған.
 
Қуаныш Құдайбергенов,  ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры: Мұнайшылардың шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына берілген жеңілдікті айтатын болсақ, тоннасына 12 мың теңгені құрады немесе литріне 16 теңге. АИ-92 жанар-жағармайының 4 теңгеге арзандауына Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеуден кейін жаңа қонырығының іске асуы себеп.
 
Төлеміс Шотанов, «Қазмұнайгаз өнімдері» ЖШС коммерция мәселелері бойынша бас директорының бірінші орынбасары: Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында арнайы құрылғы орнатылғандықтан,  бензиннің бағасы күрт арзандатылды. АИ-92 бензині бағасын сәл түсірдік. Бұл баға тұрақты болады деп айта алмаймыз. Себебі валюта бағамы мен әлемдегі геосаяси жағдайды көріп отырсыздар, деп мәлімдеді.