«Бастау Бизнес» жобасына 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөлінеді

«Бастау Бизнес» жобасына 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөлінеді


ҚР «Атамекен» ҰКП Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы жұмысын жалғастырады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталарының бірлескен отырысында айтқан бес әлеуметтік бастамаларының бірі -өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру болатын.

Биылғы жылы «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде шағын несиелендіруге 20 млрд. теңге бөлу жоспарланған, олардың 13,9 пайызы ауылдық жерлердегі жобаларға, 6,1-і - қалалар үшін. 2018 жылы жоба 160 ауданды қамтуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда 30 мың адамды оқытады және 6 мың бизнес-жобаны қаржыландырады. 

Біздің анықтама:
«Бастау-Бизнес» жобасы кәсіпкерлікке тарту жолымен ауыл халқының экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында ҚР «Атамекен» ҰКП бастамасымен жүзеге асырылған. Тренингке қатысушылар жұмыссыз және өз ісін ашқысы келетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сондай-ақ бизнесін кеңейтуге мүдделі кәсіпкерлер.
 
Оқу бағдарламасы- салық салу режимдері, заңнама, маркетинг негіздері, бизнесті бастау үшін ең қажетті бағыттар бойынша білім алуға мүмкіндік беретін 12 модульден құралған. Тренинг барысында тыңдаушыларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, бизнес-жоспарды жасақтауға және қаржыландыруды алуға көмек көрсетіледі.
 
2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы  еліміздің 14 облысында, 80 ауданда жүзеге асырылды. Барлығы 15 мың адам дайындықтан өтті. Алты кезеңнің қорытындысы бойынша 8285 қатысушы  жобаларын аймақтық комиссия алдында дайындап, қорғап шықты. Олардың 3314-і бизнес ашты немесе кеңейтті. Жобалардың әрқайсысы орта есеппен 1-ден 4-ге дейін жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бизнес-жобалар бизнес-тренерлердің маркетингтік зерттеулерінің нәтижесі бойынша белгілі бір өңірдің қажеттіліктеріне негізделген. Сонымен қатар, қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты шамамен 5 мыңға жуық адам  қаржы жетіспеушілігінен өз жобаларын жүзеге асыра алмады.