Ауыл шаруашылығы министрі мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын таныстырды

Ауыл шаруашылығы министрі мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын таныстырды


Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, деп хабарлайды АШМ Баспасөз қызметі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста 2018-2027 жж. арналған мал шаруашылығын дамытудың Ұлттық стратегиялық тұжырымдамасы таныстырылды.

Тұжырымдама Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында қойған стратегиялық мақсаттарын іске асыру шеңберінде, ең алдымен, агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және экспорттық өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін кем дегенде 2,5 есе арттыру мақсатында әзірленді.

Ұлттық стратегияның негізін ірі өндірістер емес, отбасылық фермалар құрайды: мал шаруашылығында 50-100 аналық бас, 600 бас қой.

Өндірістің құн тізбегі – шаруашылық-репродуктолог саналатын фермерлерге асыл тұқымды бұқаларды қамтамасыз етуден, ІҚМ өсіретін және бұқашықтарды бордақылайтын шаруашылықтардан, қарқынды бордақылау алаңдары мен ірі қара малды өнеркәсіптік союға және дайын өнімді сақтайтын ет комбинаттары мен өнімдерді таратудан тұрады.

Бағдарламада 15 жылға дейінгі мерзімге және 4%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдікпен несие беру қарастырылған.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 80 өндірістік мал бордақылау алаңдары мен қазіргі заман талабына сай 7 ет өңдейтін кешен құрылатын болады. Жаңадан салынатын фермалар мен бордақылау алаңдарының орналасуы өңірлердің мамандану схемасына сәйкес, климаттық жағдайлары ескеріліп салынатын болады.

Кездесу өңірлердегі тауар өндірушілердің өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу форматында жалғасты.

Ауыл шаруашылығының өндірістік процестерін автоматтандыру және цифрландыру, заманауи ең озық технологияларды қолдану мақсатында Министрліктен Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың жобалау кеңсесі құрылды. Кеңсенің жұмысы отандық ІТ-компаниялар мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің әлеуетін нығайтуға, әлемдік тәжірибеге бейімдеуге, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларының қажеттіліктеріне арналған жаңа жобаларды жасауға бағытталған.

«АПК Адал» сүтті-тауарлы фермасы еңбек өнімділігін арттырып, қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы өнімдерді есепке алудың, далалық аймақтарды бөлу және нәтижелердің тиімділігін бағалау жүйелерін белсенді түрде енгізуде. «АПК Адал» ЖШС басшылығы жиналысқа қатысушыларға цифрландыру жүйелерін іске асыру нәтижелерін таныстырды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, өткізу нарықтарының кеңеюі және ауыл шаруашылығы экспортын дамыту қажеттілігі мемлекеттік саясатты іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл шаралар отандық бизнестің даму перспективаларына және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары барысында «MeatProcessingandService» ЖШС-не барды, аталған ет өңдейтін кешен 1000-нан астам қой мен 200 бас ірі қара малды сойып, Иранға экспорттайды.