Атырауда жылына 30 млн бекіре шабағы өсірілмек

Атырауда жылына 30 млн бекіре шабағы өсірілмек


Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіретін екі балық өсіру зауыты реконструкцияланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Жайық-Каспий және Атырау балық өсіру зауыттарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Барлық жабдықтар жаңартылып, бөген шаруашылығы кеңейтіледі, құбыр жүйесі алмастырылады. Жаңарту аяқталғаннан кейін екі зауытың жалпы қуаты жылына 30 миллион бекіре шабағын өсіруге жететін болады», - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар әлемі комитетінің атқарушы төрағасы Марлен Айнабеков. Қазіргі уақытта 90-жылдардың ортасында салынған екі зауыттың қуаты - жылына 7 миллион шабақты құрайды.