Алексей Шевченко: Жылдық қуаты 60 мың тоннаны құрайтын құс фабрикасы 2019 жылға дейін салынып бітеді

Алексей Шевченко: Жылдық қуаты 60 мың тоннаны құрайтын құс фабрикасы 2019 жылға дейін салынып бітеді


«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-ның директоры ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министріне осылай деді.

Өмірзақ Шөкеев Макинск қаласындағы Индустрияландыру картасы аясында жүргізіліп жатқан еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының құрылысымен танысты.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-ның директоры Алексей Шевченко, тірі салмақтағы жылдық қуаты 60 мың тоннаны құрайтын болашақ құс фабрикасы 2019 жылға дейін екі кезеңмен салынып бітетінін мәлімдеді. Жобаға салынған инвестиция көлемі 43 миллиард теңге.  Болашақта фабрика өнімдері Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларына жеткізілетін болады.

Жобаның іске асырылуы өңірдің ғана емес еліміз экономикасына  тиімді болады, азық түлік қауіпсіздігін арттырып, импорт үлесін азайтуға сеп.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Ақмола облысын аралап жүр.