«Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру күні» өтті

«Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру күні» өтті


Агоөнеркәсіп кешені салаларын цифрландыру жұмыстарын екі бағытта жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, субсидиялау, ветеринарлық қызмет сынды бағытты мемлекет жүзеге асыруы тиіс, -деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-миинстрі Арман Евниев.

«Агоөнеркәсіп кешені салаларын цифрландыру жұмыстарын екі бағытта жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, субсидиялау, ветеринарлық қызмет сынды бағытты мемлекет жүзеге асыруы тиіс. Ал екінші бағытта агротехнологияларды тарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Мәселен, нақты жерді пайдалану, мал шаруашылығы саласындағы smart-технологиялар енгізу керек. Міне, осының барлығын ІТ-бизнеске түсіндірмекпіз. Олар да өз мүмкіншіліктерін ұсына алады. Жалпы бүгінде саланы цифрландыру жұмыстарын бастап та кеттік. Әр облыста ілкі жоба ретінде фермерлік шаруашылықтарды белгілеп қойдық», - деді шара аясында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-миинстрі Арман Евниев. 
 
Ол, нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістік тиімділікті айтарлықтай жақсартуға және кешенді түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын кемінде 25 пайызға азайтуға мүмкіндік беретіндігін айтты. 
 
«Smart-технологиялар енгізу мал басына мониторинг жүргізуге, жылыжылайларды дербес басқаруға, онлайн режімде шығындарды есептеп талдау жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Евниев.