31 наурыз- 2 сәуір аралығындағы ауа-райы болжамы

31 наурыз- 2 сәуір аралығындағы ауа-райы болжамы


Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар мен боран, ал оңтүстігінде найзағай мен жаңбыр.

Демалыс күндері Каспийдің оңтүстігінде қалыптасқан циклон Қазақстандағы ауа-райына әсерін тигізеді. Оңтүстік облыстарда онымен байланысты циклондар жаңбыр, кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 18-25м/с дейін жететін ауа-райын алып келеді, деп хабарлайды kazhydromet.kz

Солтүстік және шығыс облыстарда циклондардың өтуіне байланысты қары басым болатын жауын-шашын, кей жерлерде боран күтіледі, желдің екпіні 18-25м/с дейін күшейеді.

Ресейдің орталық аудандарының Еуропалық бөлігінен Қазақстанның батыс облыстарына антициклонның жылжуына байланысты, ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.